четверг, 13 июля 2017 г.

Оспанов Еламан Аманұлы




Ескерткіш алдында!

Ел басына кыйлы күн болғанда мың.
Өзгелерге бермеген қолдан бағын.
Жүрегімнен сендерге жыр үзейін,
Отан үшін оққа ұшқан оғландарым!

Қаны сіңіп ерліктің қара жерге.
Қатын жолда қалдығой бала белде.
Оққа төсеп кеудесін шахит болған,
Сендердей кім жанашыр саналы елге?!

Келмес өмір өткеннен оралып бір.
Отан ана дін аман оңалып тұр.
Қызыл қаннан қаңсырап қалған дала!
-Қызыл гүлге құшағы оранып тұр.
Қуанышты көңілден-талақ қылып.
Өшпес ізін ерлікке балап тұнық.
Жанарыма жас алып ойға баттым,
Ескерткішке мен үнсіз қарап тұрып!


Жүрегім бақытты екен

Бір өзім қалып қойып тыныш маңда,
Түндердің тұңғиығын бойлай терең.
Есімнен шығаруға тырыссамда,
Мен сені ойлай берем!

Ойран салса қызғаныш кеп іргемде,
Жанымның дертін мұңын жояды өлең.
Мен сені ұмытамын деп жүргенде,
Сағынып қоя берем.

Сырларымды ішіме бұғып сөнсем,
Өкпе назын ысырып нала денем.
Саған ұқсас өзгеден қылық көрсем ,
Ұнатып қала берем.

Орын қалса кей кезде бос жанымда,
Бір бүйрегім кетеді бұрып саған.
Сен жайлы сөз қозғаса достарымда,
Кідіріп тұрып қалам.

Бойымнан от жігерлі күшім кеміп,
Кей кезде мүлгіп мұңға батып кетем.
Мені әлі ұмытпаған түсіме еніп,
Жүрегің бақытты екен!
Тулап қаным бойымнан қашып еппен,    
Таудан тастан тәтті дәм татты шекем.
Жүрегіңді өзіне ғашық еткен,
Жүрегім бақытты екен!


Шын сүюдің өзі бақыт бағалы!

Кеудесіне гүлден алқа тағып уақыт өткелі,
Күндей болып көктегі.
Жадырайды,-енді бірде жабырқап...
Қол жеткізбей ізгі арманым,
Өткенге өшпес із қалғанын,
Баяндайды ғашық жүрек өкпелі!

Талай-талай артқа тастап қуанышты күлкіні,
Өңі солып күзбен бақтың құрып кетті құлқыны.
Оранғанда көктем гүлге,
Қол ұстасып өткен бірге,
Күннің бәрі сағыныш боп қалып жатыр бұл күні!

Жеткізбейді бақыт қолды созсаңдағы қаншама.
Жақынырақ тұрып алып тамсана.
Бар сенімің сезіміңмен бірге сөніп қалса да.
Есіңе ал күні-түні,
Бойды билеп үміт үні,
Шын сүйдіңбе оны ойлаудан шаршама!

Ғашық жанға кезігеді сынға толы қатал жол.
Қолың мейлі жетпесе де сезіміңе адал бол.
Соған арнап ән жырыңды,
Гүлдендіріп тағдырыңды,
Сүйсең ғана!-мұратыңа жеткізеді адал жол.
Кейде ол жансыз өмір алдың тұманданып кетеді.
Жалғыздықтың билеп алып жетегі.
Қызғанасың жарылардай,
Қызбалықтан арыла алмай,
Сабырыңның қысқа болып жеңі менен етегі.

Сыймай кетіп ет жүрегің кеудесіне бұрынғы.
Солқылдады, соққылады іштен тынды бұғынды.
Сезім жүрек көзін ашқан,
Әр күніңнің өзі дастан,
Кім өзгертпек ғашықтарға сай келетін ұғымды?!

«Бірін-бірі шын сүйгендер-тар өмірге жалалы».
-Талайлардың жүректері міне осыдан жаралы.
Сезімді адал қорғаса -да!
Мәңгі бірге болмаса -да!
Шын сүйгеннің өзі бақыт бағалы.

   
 Жол үстіндегі ой!

Ақкөл сенің бүгін маған орыныңда бағалы.
Ту сыртыңнан бұл ақының қыймай өтіп барады.
Маған қарап көше үйлерің сағынышқа малынып,
Мосттыңның қабағына мұң қатып тұр жаралы.

Бала кезден өспесемде,тұрмасамда бірер күн.
Саған деген сезімімді сенен басқа білер кім?
Автобуста кетіп барам арманымды арқалап,
Қыймай-қыймай көзімменен шығарып сап жүрегім.
  
Сезім, сертім сенен қуат алып берік бекінсін.
Саған деген сағынышым өстіп өсіп жетілсін.
Жердің көркі гүл емеспе!-гүлсіз дала жетімғой!
-Ол бір жансыз сенде менің жүрегімдей жетімсің!


Қыс

Қыс келіп аяз жанды қыстағанда.
Аңсайсың жазды салқын суық күнде
Шы тынап шымшып қолдан ұстағанда
Қайдасың күн шуағы жалын шілде?!

Күн ысып аптабына шыдай алмай
жүруші ек өзен суда қалқып балқып
Жүгіріп ақ жауында құмар қанбай
Зулайсың көз алдымда уақыт шалқып.

Тіршілік дала гүлге оранғанда
Сағынған қайда әсем құстар әні
Қыс өтіп жазым қайта оралғанда
Кірер ед өңі ашылып жердің сәні.

Табиғат ауыр мұңнан күрсінеді
Тіріліп көктем келіп бүр жарғанша
Бұлт жаппа күн шуағы күлсін енді
Қар басып қабақшытып жылағанша.

 Өмір

Қайран өмір,жалған өмір,тар өмір
Жақсығада жаманға ида жар өмір
Біреулердің қуанышы тасыған
Біреулерге өкінішің бар өмір
Жұмбақ болып сырың жатыр бұғылып
Жатыр екен сырларыңды кім ұғып
Бұл өмірде өз жолынан жаңылып
Соқпағында біздер жүрміз сүрініп

Көңіліммен арнап әсем жырымды
Әй дүние маған айтшы шыныңды
Адал заман адамдықпен ар қайда
Жоғалттықпа иман дейтін ұғымды

Жанар жасқа жүрек мұңға ұрынды
Әлдилеші бауырыңдағы ұлыңды
Қадіріңді дер кезінде біле алмай
Өмір қашан түсінеміз құныңды?!                        

Апама!                                       

Бесігімді тербеткенде әнге бөлеп жанымды
Аппақ сәби жөргегінде аялаған тәнімді
Мейірімді нұр жүзіңмен тәтті ұйқымды күзеткен
Ести бергім келет апа сенің сағым әніңді.

Сенің көзің мөлдіреген жанға жылу төгетін
Еркелеткен ембе сөзің жанға қуат бөлетін
Әжімдерің ой салатын жанарыңда ауырлық
Дүниенің ақ-қарасын шаштарыңнан көретім

Білем бәрін мәңгі есімде ертегі сыр шерлерің
Әндеріңмен жүрегімді жүрегімді тербедің
Аппақ көңіл кір шалмаған жылы жарқын жүзбенен
Сыйпаушы едің алақанмен маңдайымнан сен менің
Қазір жүрмін сенен алыс әнсіз мұңлы жырақта
Маңдайымды сыйпайды кеп дала желі бірақта
Жоқ болсаңда бұл өмірде мәңгі барсың жүректе
Жүрегіммен тілдескенде кейде аламын жылапта!


Өмір

Мына өмір тым аяқсыз келте еді
Жүрегімді осы бір күй шертеді
ойлап досым бір қарашы үңіліп
Еріншектің бітпейді екен ертеңі

Екі иығыың екі сайтан ауырлық
жалқаулығың жүрсе жанды ауыртып
Алла бізге жаратқанба ұйқыны
Дүниеге көз ашырмас жау қылып

Тәнің қанған жаның қанбас өмірме
Өтемізбе қарсыласпай өмірге
Басқан сайын қаламызба мүжіліп
Мүжілгенді сүймейдіғой өмірде. 
                    

Шолпан апайға арнау!
Көңіліне еш кірбің сақтамаған,
Дем берген құлазыған шақта маған,
Анамдай аяулы ұстаз Шолпан апай!
-Сіздей жан барына мен мақтана алам.

Ізгілік нұр жүзінен жарқылдаған,
Өзіңсіз мына коледж салқын маған.
Барша адам үлгі тұтар бойыңызда,
Мейірім мол жүректен сарқылмаған.

Көңіліміз бұл жақтан жүдер дедік.
Сіз барда еш жүлдені жібермедік.
Демеп жүрер сіздей жан болмаса егер,
Қазақпыз деп жігерлі жүрермедік?!

Жылағанға көңілін бір жүдеткен.
Баршаға тең қарайтын бір жүрекпен.
Уақытымыз уайымға малынады ау!
-Өзіңізсіз коледжде бір күн өткен.

Ақылмен парасат боп сенгеніңіз,
Жеңілістен көп болып жеңгеніңіз.
Жыйырма төрт жыл осы алтын ұяңызға,
Сіңді қанша абырой еңбегіңіз.

Бүгін таң көркейіп тұр сол гүлбағың.
Сезсекте ет жүректің солқылдарын.
Біздер де қыймастықпен қабылдаймыз,
Тәңірдің басқа арнаға жол қылғанын.
  
Қайтейін көңілімнің құр тасқанын,
Сезімім арасында тұр жақшаның.
Анда санда сағынып кеп тұрыңыз!
-Өңін қайта кіргізіп гүл бақшаның.

Қыс, көктем, бір мақсатқа қол тірейміз,
Сіз жоқта да күркірер сол дүлей күз.
Жаңа қызметке жемісті бағыт берер!

Сізге шын, аппақ адал жол тілейміз!!!


Аман болсын елімнің ұландары!

Дәуірінде жол ашқан бастап алдан,
Дара туған, өр халық басқалардан,
Мен Қазақпын!-сақ пен ғұн ұрпағымын
Тарихы таста қалған!

Тағдыр жолы бас бұрған, бұралаңға,
Жанын қиған боздақтар тұр алаңда
Мен Қазақпын, Қайратпен Ерболдардай!
Сынбайтын сыналғанда.

Хиуаздай батыр қызы – батыл қандай,
Барлық әлем даңқына бас ұрғандай.
Ұлы жеңіс әперген мен қазақпын!
Бауыржан Қасымдардай!

Қайта жанып бақ жұлдыз, арай үміт,
Еркіндік алдымнан қарай күліп.
Қонған баққа бастағы жыр арнамай
Жүрегіме тағамын қалай құлып?!

Ұста сенде еңсеңді биік бекем!
Біз қазақпыз бұл күнде биіктеген.
Түбі түрік, текті ұлт! – Алаш елім
Мен сені сүйіп өтем!

Ақыны ақиқатты айтар анық,
Толағай тағдыр сыннан тайсалмадық.
Барлығын кешіп өтіп,  жеңіп шыққан
Мен үшін жоқ, қазақтай қайсар халық.

Тек бірлік пен татулық ұрандары,
Тарқамаған шаттықтан жыр ән бағы.
Халқымның бар байлығын қорғап тұрған,
Аман болсын елімнің ұландар!!!


Қазақпын!-мақтанышым!

Дәуірінде  жол ашқан бастап алдан,
Дара туған өр халық басқалардан.
Мен қазақпын!- сақпен ғұн ұрпағымын!
-Тарихы таста қалған.

Тағдыр жолы бас бұрған бұралаңға,
Жанын қйған боздақтар тұр алаңда.
Мен қазақпын Қайратпен Ерболдардай!
Сынбайтын сын алғанда.

Хиуаздай батыр қызы батыл қандай
Барлық әлем даңқына бас ұрғандай
Ұлы жеңіс әперген мен қазақпын!
Бауыржан Қасымдардай!

Ақыны ақихатты айтар анық
Толағай тағдыр сыннан тайсалмадық
Барлығын кешіп өтіп жеңіп шыққан
Мен үшін жоқ қазақтай қайсар халық.

Қайта жанып бақ жұлдыз арай үміт
Еркіндік тұр алдымнан қарай күліп
Қонған баққа бастағы жыр арнамай
Жүрегіме тағамын қалай құлып?!
Ұста сенде еңсеңді биік бекем
Біз қазақпыз бұл күнде биіктеген
Түбі түрік текті ұлт Алаш елім
Мен сені сүйіп өтем!



Қалыбай Айдар


Сәлем саған Сарыарқа

Шоқтан биік жұлдыз таққан бастарына.
Кілең жақсы жинаған қастарына.
Бұл өлең арналады тыңдаңыздар!
Мәңгілік елдің жалынды жастарына.

Арқаңда жүргендейміз емін еркін.
Біз үшін туғанындай қымбат жерсің.
Бірімізді біріміз танымас ек,
Осында жинамас бізді СЕРПІН.

Соншалықты керемет ед табиғатың.
Бұл менің саған айтар ақиқатым.
Көрмеппін мұншалықты кереметті,
Көлдерің мен орманың тауың тасың.

Барымды жыр сандықпен сап арқаға.
Мұншалықты арманың деп таңырқама.
Әлемнің жеті кереметі менде болса,
 Әкеліп қояр едім Сарыарқаға.

Болашаққа нық бассам қадамымды,
Өлеңіммен шыңдаймын қаламымды.
Оңтүстіктен сері жігіт келіп қалды,
Халық менің сынасын талабымды.

Жаңа жұлдыз орнатқан аспанына.
Таққан туын шыңдардың асқарына.
Қазақстан күннен күнге гүлденеді,
Түсінеді бағалайды жастары да.

Жаңа жұлдыз жаңа күн жаңа аспан.
Бақыт бар ма тәуелсіздіктен асқан?!
Мәңгілік ел деп елімізге ат қойдық.
Қазақстан таусылмайтын жыр дастан!


Тұлпарға сын

Ержігітке жолығады шыңдарға шың.
Көтер кәне басынды мұңдар да сын.
Қай бабамыз батыр емес қазақ бала?!
Мен дағы келтірейін тұлпарға сын.

Тұлпарменен асырған шығыстан бел,
Қазақ бабм қарулас Шықғысханмен.
Бабалар әруағы тыныш болсын!
Қазақстан бұл күні біртұтас ел.

Иесіне көрсетпеген сірә жатшылық.
Үйірде де байқатқан батыр қылық.
Айдалада қалдырмай алып келген,
Уа жануар бұл неткен ақылдылық.

Сәйгүліктің мінезі байсалды ғой.
Көргенде көкжалың да тайсалдығой.
Ат тұяғы жеткен жерлі жаулап берген,
Қазақ жері арқаңда жайқалды ғой.

Құлагерлер боп жеткен бізге дерек.
Өлең ол шабыт үшін бұл бір себеп.
Көкжалменен айқасатын айғырлардың,
Мінезінен жігіттерге беру керек.


Өзіме өзім ғашықпын

Талай жыл болд(ы) байқамағам қалайша?
Осы күні жыр болдым ау талайға!
Мен саған айтуға қысыламын,
Ғашық боп қалдым алайда!

Іштейін сырласамыз үнсіз бірақ,
Арамыз өте жақын кейде жырақ.
Саған ғана айтамын сырларымды,
Кейде күліп қоясың кейде сынап.

Отырамын жалғыздықтан жасып тым,
СЕН  барсың ғой өзіңе қарай асықтым.
Көп адамға дөрекі боп көрінгеніммен,
Өзіме өзім ғашықпын!!!


Мәңгілік махаббатымды іздейтін болам

Өлең арнап көрінген қызға өзіме өзім симағам,
Ондай қыздар көп болды менде парақтап өлең жинағам.
Біреуінің де қадірі жоқ, ойласам қатты қиналам.

Көрінсе болды келбеті төзбейтін болғам,
Апта өтпей ақ арадан сезімім солган.
Енді ешқайсысына қарамаймын-ау!
Ұлы адамдар махаббатын күтпейді жолдан.

Табамын дағы арнаймын барымды соған,
Өлеңменен етейін жаңбырлы боран.
Менің де тағдырыма жазылған шығар,
Мәңгілік махаббатымды іздейтін болам!!»


Алғашқы өлең

Ұнатпаймын дейсің де ұнатпаймын,
Сендей қызды жүрегімнен құлатпаймын.
Келбетіңе тығылып қарап жүріп,
Жаныңа мүлде жігіт жолатпаймын.

Ұнатпаймын демеші ұнатпаймын,
Жүрегімде қайнайды сезім қайғым.
Түнімен сені ойлап ұйқтамаймын.
Ал сен болсаң дейсің бе ұнатпаймын.

Қарау қиын сезімсіз көздеріңе,
Маған деген сөздерің өзгерді ме?
Жүрегіме тиетін сөз айтпашы,
Ғашықпын сенің сондай сөздеріңе!


Ақшаға құныққандар

Жыр бастасам толықтап ақындықпен,
Туыстар жиналсыншы жақындықпен.
Жеті атамның барлығы батыр болған,
Естігенмін көкпар шапқан тақымы кең.

Жақсыға қарап түзейік тұла бойды,
Ішіне түсіп кеттім тұман ойдың.
Бауырлар төбелессе қалай болад,
Анда санда келеді жырлап қойғым.

Анаңды әкеңе де қаратып ед,
Қалмады ғой бауырыңа баратын бет.
Алла бізді пенде қып жаратқанда,
Ақша үшін қырылсын деп жаратыпп ед?!


Сіргелімін

Өткен жолы атама қарап калдым.
Ол кісі айтты балам сен де бір іске жарап қалдың.
Айтшы кәне жеті атаңды білесің бе?
Білмеймін ау ойымды сан ақтардым.
Әріптерден құрасам өрнектеп сөз,
Куә ғой оған дара көз.
Тек қазақта үш жүз бар!
Ал менікі ұлы жүз.

Нұр жауғанда аспаннан,
Қалайша мен ақталам.
Туғанмын болып Сіргелі,
Қаракөңірдек болса баспанам.

Күш берген ақынға да батырға да,
Жебеп жүрер жанымда батыр баба.
Мұнша ойдың барлығын қайдан алам,
Асқар таудай болмаса атам дана?

Сіз мені танымассыз кейіпімнен,
Мен боламын Бегененің сақ тұлпары.
Қоқандарды уақытында билеп кеткен,
Менмін ғой Пошан Датқаның ұрпағы.

Түрім жуас болғанмен мінезім асау,
Басынам деп ойламаңыз жүргенге босау.
Арыстандай айбатпен айқасармын,
Түсірем деп әуре болма құрық тұсау.

Қаратаудың бір жұрты Сіргелі еді,
Сіргелі өз жұртына іргелі еді.
Жанымнан ар намысты биік қоям,
Қалайша біздің елге кір келеді.

Жаман аттың бабын тапсаң болар ердің тұлпары,
Күйкентайдың бабын тапсаң болар елдің сұңқары.
Әлемді сан қырымен бағындырыр,
Сіргелі Қаракөңірдектің талай ұрпағы.
Аға бауыр

Хабарласып жүрсем де қашып тиіп,
Тілек жазам бұл күні төгіп үйіп.
Ағасы бардың жағасы бар деген сөзді,
Еске алушы ем таяқ жесем жанып күйіп.

Тәрбиеміз болды ғой екі бөлек,
Тағдырдың жазуы бұл айыр түлек.
Осы күнге дейін біз алыс жүрдік,
Енді аға жүрейік жақын түгел.

Көпшілікпен жүрмедім жаға жар деп,
Братан деп сыйладым бағалар деп.
Енді қорқпай жағаларын жыртысамын,
Мені де қорғаштайтын аға бар деп.

Бір жылдары ауылда тағылып мұң,
Сен ер жетіп бұлттардан жарылып нұр.
Атам қылған жеңістерді қайталашы,
Ағайын жұрт өзіңді сағынып жүр.


Аға бауыр

Хабарласып жүрсем де қашып тиіп,
Тілек жазам бұл күні төгіп үйіп.
Ағасы бардың жағасы бар деген сөзді,
Еске алушы ем таяқ жесем жанып күйіп.

Тәрбиеміз болды ғой екі бөлек,
Тағдырдың жазуы бұл айыр түлек.
Осы күнге дейін біз алыс жүрдік,
Енді аға жүрейік жақын түгел.

Көпшілікпен жүрмедім жаға жар деп,
Братан деп сыйладым бағалар деп.
Енді қорқпай жағаларын жыртысамын,
Мені де қорғаштайтын аға бар деп.

Бір жылдары ауылда тағылып мұң,
Сен ер жетіп бұлттардан жарылып нұр.
Атам қылған жеңістерді қайталашы,

Ағайын жұрт өзіңді сағынып жүр.


Әке тірегім

Тәрбие бердің етем деп құнды адам,
Мен болсам болып өстім бұзық адам.
Біреудің ала жібін аттамайтын,
Өзіңдей болармын мен ұлы адам.

Көп ішінде жүрсең егер тек алдайды екен,
Ісің түссе аяқ асты келе алмаайды екен.
Достықтың әртүрлісі болады деуші ең,
Әкенің тәрбиесін мектеп те бере алмайды екен.

Әр қадамнан қазылған ор табылады екен,
Сыртта жүрсем аузымнан қағынады екем.
Қаншалықты еркіндікте жүрсем дағы,
Темірдей тәртібіңді сағынады екем.

Сарыарқада жүрмін ғой жоғалмадым,
Қадіріңді білмеппін сөз алмадым.
Оқуымды бітіріп жігіт болып,
Жаныңа бала болып ораламын.


Жан бауырым

Бауырлық пен достық сезім араласып,
Бірін бірі жеңе алмай бара жатыр.
Бүгінгі туған күнің құтты болсын,
Осы күнгі дара батыр.

Электрлік қиын жұмыс әр ұстаға,
Хабарлымын болсақ та алыстарда.
Балалықта отырып армандаушы ек,
Армандаудың ауылынан алыстама.

Сені көрдім жас болса да қияға қарай өрлеген,
Жүрген жерің гүлденіп отырғанжерің төрлеген.
Қанша орта ауысып дос корсем дағы,
Өзіңдей бауыр көрмегем.

Есімнен шықпас он тоғызға толғаның,
Мәңгілік бауыр қорғаным.
Ата анаңның үмітін ақтап болып,
Бай болғанда ұмытпасаң болғаны.


Нұрдәулетке

Ауылымның мақтанышы ардақтысы,
Оны көрсе көмексіз қалмас кісі.
Бұл өлең арналады нұрдәулетке,
Жігіттердің мінезі салмақтысы.

Дұрыс жолға түсе білсең адалдықпен,
Мақсатыңа жеткейсің адалдықпен.
Егер бүгін бәріміз бірге болсақ,
Бауырларға дүбірлі той жасар едің.

Дос бола білдің бауырым жанашыр жақсы,
Келіспей қалсақ жүрегі көрсетер ақты.
Көзіңнен ақ көрініп тұрушы еді,
Өскенде адам боларын хандардай тақты.

Жақсы адамды жүремін жыр қылып жаттап,
Ілестірмей шаба бер бүгіннен бастап.
Сені ерекше жартыпты Алла тағалам,
Жүре бер ата анаңның үмітін ақтап.

Мәресіне кеп қалдың жарыс жолдың,
Куәсі біз он тоғызға бүгін толдың.
Болашақ депутатқа үміткерсің,
Бауырым туған күнің құтты болсын.


Кербез қыз 

Қыс мезгілі кездестім сезім жазына,
Қонған боларсың құт болып менің бағыма.
Ұнатып сені сыртыңнан қарап жүріп,
Ғашық боп қалдым тағы да.

Ғашық болу шіркін керемет сезім ғой,
Көзіңді аш сені сүйетін менің өзім ғой.
Хатқа жауап жазбайсын қоңырауға да,
Сені ойлап тауысты төзімді ой.

Мазаңды алдым бұйыра кормессің айыпқа,
Менен басқа ханзада саған лайық па.
Менің орныма өзіңді қойып көрсеңші,
Ғашық боп қалу айып па.

среда, 5 октября 2016 г.

Жүсіпов Қайсар



Жүсіпов Қайсар, 3517 әскери бөлімініңқатардағы жауынгері.


Кітапханаға

Есімнен кетпес шақтарым,
Тарихтың алып ақпарын.
Өз елім жайлы білгенім,
Кітапханадан тапқаным.

Ақынның қалып жырлары,
Батырдың қанық сырлары.
Кітапханада жарқырап,
Кітаптар жанып тұрғаны.

Ақ қағаз алып басым көп,
Шабытқа қалам жасын боп.
Тарихтың сырын ақтарған,
Кітаптан асқан-асыл жоқ.

Біреудің сөзін ескеріп,
Ертерек кетіп, кеш келіп.
Кітап – дегенің оқысаң,
Тарихтан қалған естелік.

Көрсетпей көңіл тасасың,
Болашаққа жол ашасың.
Оқырман қауым көбейіп,
Кітапханалар жасасын.

Нургазиева Альбина



Нургазиева Альбина 2000 жылы 15 қазанда дүниеге келген. Степногорск қ. А. Косарев атындағы № 9 орта мектептің 9 «б» сынып оқушысы. Жастайынан шығармашылықпен айналысады. 5-сыныбында «Өмір өзен» атты кітапшасы жарық көрді. Оған «Нұрлы елім», «Ұстазым» және т.б. өлеңдері енді.

Нұлы елім

Тәуелсіз ел боп туыпсың,
20 жасқа толыпсың,
Бар әлемге танылып.
Нұрыңды сен төгіпсің,
Тәуелсіз елім-жас елім,
Қазақстан менің - бас елім.
Құтты болсын 20 жыл,
Көгере берсін көсегең.
                                   
Мен ғарышкер боламын 

Мен ғарышкер боламын,
Аспандарды шоламын,
Жұлдыздарды анықтап,
Әлемге әйгілі боламын.
                            
 Ұстаз

Білім беріп үйреткен,
Санасын ашқан баланың,
Еркелігін көтерген,
Айаулы менің ұстазым.
                                
Астана

Туған өлке - Астана,
Басқарады оны - Нұр аға,
Болашағы бар қала,
Жайнай берші Астана

Әсем Астана

Әсем қала - Астана,
Бәйтерегі жанған қала,
Арман болған әсем қала,
Мен сүйген Бас қала.