Хамзаева Аниса 2001 жылдың
25 желтоқсанында дүниеге келген. Қазіргі таңда №9 орта мектептің 8-сынып
оқушысы. Ол Фариза Оңғарсынованың өлеңдерін оқып, ақын болуды армандайды. 10
жасынан бастап өлең шығарып, сол ақындық жолымен келеді. Болашақтағы ендігі
арманы өзінің жеке кітабын шығару.
Атың өшпес
Махамбет
Батырларым жанын
тігіп суға, отқа,
Махамбетім жауға
шапты мініп атқа.
Өр рухымен туған
жерін қорғаштап,
Сол ерлікті бүгін
қалай жырламасқа,
Көк байрақты
асқақтатып Махамбет,
Сенің арқаң қазақ
даңқы көгерет.
Өр рухыңды, ерлігіңді
мақтанып,
Жас ақының өзің жайлы
жыр төгет.
Махамбетің не
істемеді ел үшін,
Тас түнектен шуақ
іздеп қазақ үшін.
Тіпті кейде қарсы
шығып дұшпанға,
Соғысады мынау байтақ
жер үшін.
Махамбет Исатайдай дос тапты,
Сол екеуі қыйындықтан
құтқарады қазақты.
Қазағымды бермеймін
деп құлдыққа,
Талай бастан өткізеді
азапты.
Махамбет пен Исатайың
сол шақта,
Шыдай алмай болып
жатқан сұмдыққа.
Шаруалармен көтерді
қозғалыс,
Ұмтылады тереңдегі
шындыққа.
Шындық үшін шыбын
жаны таласқан,
Қазағымда орнасын деп
ашық аспан.
Сонау міне байтақ
жерді қорғайтын,
Басшыларың орыстармен
арам ауыз жаласқан.
Бір күндері хан
Жәңгірдің күшейіпті екпіні,
Ішін өртеп ашу, ыза,
кектігі.
Қарсы қойдың халқымды
сен маған деп,
Туған жерден
қудалайды Махамбетті.
Сонда да ол қазақ
үшін берілмей,
Қанша ауыр азапты ол
сезінбей.
Қазағымның бақытығой
олда бір,
Бағып қаққан батырды
Махамбеттей.
Махамбет бабам
бірлікке елді шақырған,
Айтқан сөзі найзадай
жарқыраған.
Көкрегінде тулап
жатыр зор намыс,
Жауды жығып
арыстандай ақырған.
Тарихыңды асыл бабам
жырмен жаздым,
Кез келдіғой өткенге
аттанатын.
Қазақтарды құлдықтан
азат еткен,
Қазақтың жүрегінен
өшпес атың.
Комментариев нет:
Отправить комментарий