среда, 5 октября 2016 г.

Нургазиева Альбина



Нургазиева Альбина 2000 жылы 15 қазанда дүниеге келген. Степногорск қ. А. Косарев атындағы № 9 орта мектептің 9 «б» сынып оқушысы. Жастайынан шығармашылықпен айналысады. 5-сыныбында «Өмір өзен» атты кітапшасы жарық көрді. Оған «Нұрлы елім», «Ұстазым» және т.б. өлеңдері енді.

Нұлы елім

Тәуелсіз ел боп туыпсың,
20 жасқа толыпсың,
Бар әлемге танылып.
Нұрыңды сен төгіпсің,
Тәуелсіз елім-жас елім,
Қазақстан менің - бас елім.
Құтты болсын 20 жыл,
Көгере берсін көсегең.
                                   
Мен ғарышкер боламын 

Мен ғарышкер боламын,
Аспандарды шоламын,
Жұлдыздарды анықтап,
Әлемге әйгілі боламын.
                            
 Ұстаз

Білім беріп үйреткен,
Санасын ашқан баланың,
Еркелігін көтерген,
Айаулы менің ұстазым.
                                
Астана

Туған өлке - Астана,
Басқарады оны - Нұр аға,
Болашағы бар қала,
Жайнай берші Астана

Әсем Астана

Әсем қала - Астана,
Бәйтерегі жанған қала,
Арман болған әсем қала,
Мен сүйген Бас қала.

Комментариев нет:

Отправить комментарий