среда, 5 октября 2016 г.

Жүсіпов Қайсар



Жүсіпов Қайсар, 3517 әскери бөлімініңқатардағы жауынгері.


Кітапханаға

Есімнен кетпес шақтарым,
Тарихтың алып ақпарын.
Өз елім жайлы білгенім,
Кітапханадан тапқаным.

Ақынның қалып жырлары,
Батырдың қанық сырлары.
Кітапханада жарқырап,
Кітаптар жанып тұрғаны.

Ақ қағаз алып басым көп,
Шабытқа қалам жасын боп.
Тарихтың сырын ақтарған,
Кітаптан асқан-асыл жоқ.

Біреудің сөзін ескеріп,
Ертерек кетіп, кеш келіп.
Кітап – дегенің оқысаң,
Тарихтан қалған естелік.

Көрсетпей көңіл тасасың,
Болашаққа жол ашасың.
Оқырман қауым көбейіп,
Кітапханалар жасасын.

Комментариев нет:

Отправить комментарий