четверг, 13 июля 2017 г.

Қалыбай Айдар


Сәлем саған Сарыарқа

Шоқтан биік жұлдыз таққан бастарына.
Кілең жақсы жинаған қастарына.
Бұл өлең арналады тыңдаңыздар!
Мәңгілік елдің жалынды жастарына.

Арқаңда жүргендейміз емін еркін.
Біз үшін туғанындай қымбат жерсің.
Бірімізді біріміз танымас ек,
Осында жинамас бізді СЕРПІН.

Соншалықты керемет ед табиғатың.
Бұл менің саған айтар ақиқатым.
Көрмеппін мұншалықты кереметті,
Көлдерің мен орманың тауың тасың.

Барымды жыр сандықпен сап арқаға.
Мұншалықты арманың деп таңырқама.
Әлемнің жеті кереметі менде болса,
 Әкеліп қояр едім Сарыарқаға.

Болашаққа нық бассам қадамымды,
Өлеңіммен шыңдаймын қаламымды.
Оңтүстіктен сері жігіт келіп қалды,
Халық менің сынасын талабымды.

Жаңа жұлдыз орнатқан аспанына.
Таққан туын шыңдардың асқарына.
Қазақстан күннен күнге гүлденеді,
Түсінеді бағалайды жастары да.

Жаңа жұлдыз жаңа күн жаңа аспан.
Бақыт бар ма тәуелсіздіктен асқан?!
Мәңгілік ел деп елімізге ат қойдық.
Қазақстан таусылмайтын жыр дастан!


Тұлпарға сын

Ержігітке жолығады шыңдарға шың.
Көтер кәне басынды мұңдар да сын.
Қай бабамыз батыр емес қазақ бала?!
Мен дағы келтірейін тұлпарға сын.

Тұлпарменен асырған шығыстан бел,
Қазақ бабм қарулас Шықғысханмен.
Бабалар әруағы тыныш болсын!
Қазақстан бұл күні біртұтас ел.

Иесіне көрсетпеген сірә жатшылық.
Үйірде де байқатқан батыр қылық.
Айдалада қалдырмай алып келген,
Уа жануар бұл неткен ақылдылық.

Сәйгүліктің мінезі байсалды ғой.
Көргенде көкжалың да тайсалдығой.
Ат тұяғы жеткен жерлі жаулап берген,
Қазақ жері арқаңда жайқалды ғой.

Құлагерлер боп жеткен бізге дерек.
Өлең ол шабыт үшін бұл бір себеп.
Көкжалменен айқасатын айғырлардың,
Мінезінен жігіттерге беру керек.


Өзіме өзім ғашықпын

Талай жыл болд(ы) байқамағам қалайша?
Осы күні жыр болдым ау талайға!
Мен саған айтуға қысыламын,
Ғашық боп қалдым алайда!

Іштейін сырласамыз үнсіз бірақ,
Арамыз өте жақын кейде жырақ.
Саған ғана айтамын сырларымды,
Кейде күліп қоясың кейде сынап.

Отырамын жалғыздықтан жасып тым,
СЕН  барсың ғой өзіңе қарай асықтым.
Көп адамға дөрекі боп көрінгеніммен,
Өзіме өзім ғашықпын!!!


Мәңгілік махаббатымды іздейтін болам

Өлең арнап көрінген қызға өзіме өзім симағам,
Ондай қыздар көп болды менде парақтап өлең жинағам.
Біреуінің де қадірі жоқ, ойласам қатты қиналам.

Көрінсе болды келбеті төзбейтін болғам,
Апта өтпей ақ арадан сезімім солган.
Енді ешқайсысына қарамаймын-ау!
Ұлы адамдар махаббатын күтпейді жолдан.

Табамын дағы арнаймын барымды соған,
Өлеңменен етейін жаңбырлы боран.
Менің де тағдырыма жазылған шығар,
Мәңгілік махаббатымды іздейтін болам!!»


Алғашқы өлең

Ұнатпаймын дейсің де ұнатпаймын,
Сендей қызды жүрегімнен құлатпаймын.
Келбетіңе тығылып қарап жүріп,
Жаныңа мүлде жігіт жолатпаймын.

Ұнатпаймын демеші ұнатпаймын,
Жүрегімде қайнайды сезім қайғым.
Түнімен сені ойлап ұйқтамаймын.
Ал сен болсаң дейсің бе ұнатпаймын.

Қарау қиын сезімсіз көздеріңе,
Маған деген сөздерің өзгерді ме?
Жүрегіме тиетін сөз айтпашы,
Ғашықпын сенің сондай сөздеріңе!


Ақшаға құныққандар

Жыр бастасам толықтап ақындықпен,
Туыстар жиналсыншы жақындықпен.
Жеті атамның барлығы батыр болған,
Естігенмін көкпар шапқан тақымы кең.

Жақсыға қарап түзейік тұла бойды,
Ішіне түсіп кеттім тұман ойдың.
Бауырлар төбелессе қалай болад,
Анда санда келеді жырлап қойғым.

Анаңды әкеңе де қаратып ед,
Қалмады ғой бауырыңа баратын бет.
Алла бізді пенде қып жаратқанда,
Ақша үшін қырылсын деп жаратыпп ед?!


Сіргелімін

Өткен жолы атама қарап калдым.
Ол кісі айтты балам сен де бір іске жарап қалдың.
Айтшы кәне жеті атаңды білесің бе?
Білмеймін ау ойымды сан ақтардым.
Әріптерден құрасам өрнектеп сөз,
Куә ғой оған дара көз.
Тек қазақта үш жүз бар!
Ал менікі ұлы жүз.

Нұр жауғанда аспаннан,
Қалайша мен ақталам.
Туғанмын болып Сіргелі,
Қаракөңірдек болса баспанам.

Күш берген ақынға да батырға да,
Жебеп жүрер жанымда батыр баба.
Мұнша ойдың барлығын қайдан алам,
Асқар таудай болмаса атам дана?

Сіз мені танымассыз кейіпімнен,
Мен боламын Бегененің сақ тұлпары.
Қоқандарды уақытында билеп кеткен,
Менмін ғой Пошан Датқаның ұрпағы.

Түрім жуас болғанмен мінезім асау,
Басынам деп ойламаңыз жүргенге босау.
Арыстандай айбатпен айқасармын,
Түсірем деп әуре болма құрық тұсау.

Қаратаудың бір жұрты Сіргелі еді,
Сіргелі өз жұртына іргелі еді.
Жанымнан ар намысты биік қоям,
Қалайша біздің елге кір келеді.

Жаман аттың бабын тапсаң болар ердің тұлпары,
Күйкентайдың бабын тапсаң болар елдің сұңқары.
Әлемді сан қырымен бағындырыр,
Сіргелі Қаракөңірдектің талай ұрпағы.
Аға бауыр

Хабарласып жүрсем де қашып тиіп,
Тілек жазам бұл күні төгіп үйіп.
Ағасы бардың жағасы бар деген сөзді,
Еске алушы ем таяқ жесем жанып күйіп.

Тәрбиеміз болды ғой екі бөлек,
Тағдырдың жазуы бұл айыр түлек.
Осы күнге дейін біз алыс жүрдік,
Енді аға жүрейік жақын түгел.

Көпшілікпен жүрмедім жаға жар деп,
Братан деп сыйладым бағалар деп.
Енді қорқпай жағаларын жыртысамын,
Мені де қорғаштайтын аға бар деп.

Бір жылдары ауылда тағылып мұң,
Сен ер жетіп бұлттардан жарылып нұр.
Атам қылған жеңістерді қайталашы,
Ағайын жұрт өзіңді сағынып жүр.


Аға бауыр

Хабарласып жүрсем де қашып тиіп,
Тілек жазам бұл күні төгіп үйіп.
Ағасы бардың жағасы бар деген сөзді,
Еске алушы ем таяқ жесем жанып күйіп.

Тәрбиеміз болды ғой екі бөлек,
Тағдырдың жазуы бұл айыр түлек.
Осы күнге дейін біз алыс жүрдік,
Енді аға жүрейік жақын түгел.

Көпшілікпен жүрмедім жаға жар деп,
Братан деп сыйладым бағалар деп.
Енді қорқпай жағаларын жыртысамын,
Мені де қорғаштайтын аға бар деп.

Бір жылдары ауылда тағылып мұң,
Сен ер жетіп бұлттардан жарылып нұр.
Атам қылған жеңістерді қайталашы,

Ағайын жұрт өзіңді сағынып жүр.


Әке тірегім

Тәрбие бердің етем деп құнды адам,
Мен болсам болып өстім бұзық адам.
Біреудің ала жібін аттамайтын,
Өзіңдей болармын мен ұлы адам.

Көп ішінде жүрсең егер тек алдайды екен,
Ісің түссе аяқ асты келе алмаайды екен.
Достықтың әртүрлісі болады деуші ең,
Әкенің тәрбиесін мектеп те бере алмайды екен.

Әр қадамнан қазылған ор табылады екен,
Сыртта жүрсем аузымнан қағынады екем.
Қаншалықты еркіндікте жүрсем дағы,
Темірдей тәртібіңді сағынады екем.

Сарыарқада жүрмін ғой жоғалмадым,
Қадіріңді білмеппін сөз алмадым.
Оқуымды бітіріп жігіт болып,
Жаныңа бала болып ораламын.


Жан бауырым

Бауырлық пен достық сезім араласып,
Бірін бірі жеңе алмай бара жатыр.
Бүгінгі туған күнің құтты болсын,
Осы күнгі дара батыр.

Электрлік қиын жұмыс әр ұстаға,
Хабарлымын болсақ та алыстарда.
Балалықта отырып армандаушы ек,
Армандаудың ауылынан алыстама.

Сені көрдім жас болса да қияға қарай өрлеген,
Жүрген жерің гүлденіп отырғанжерің төрлеген.
Қанша орта ауысып дос корсем дағы,
Өзіңдей бауыр көрмегем.

Есімнен шықпас он тоғызға толғаның,
Мәңгілік бауыр қорғаным.
Ата анаңның үмітін ақтап болып,
Бай болғанда ұмытпасаң болғаны.


Нұрдәулетке

Ауылымның мақтанышы ардақтысы,
Оны көрсе көмексіз қалмас кісі.
Бұл өлең арналады нұрдәулетке,
Жігіттердің мінезі салмақтысы.

Дұрыс жолға түсе білсең адалдықпен,
Мақсатыңа жеткейсің адалдықпен.
Егер бүгін бәріміз бірге болсақ,
Бауырларға дүбірлі той жасар едің.

Дос бола білдің бауырым жанашыр жақсы,
Келіспей қалсақ жүрегі көрсетер ақты.
Көзіңнен ақ көрініп тұрушы еді,
Өскенде адам боларын хандардай тақты.

Жақсы адамды жүремін жыр қылып жаттап,
Ілестірмей шаба бер бүгіннен бастап.
Сені ерекше жартыпты Алла тағалам,
Жүре бер ата анаңның үмітін ақтап.

Мәресіне кеп қалдың жарыс жолдың,
Куәсі біз он тоғызға бүгін толдың.
Болашақ депутатқа үміткерсің,
Бауырым туған күнің құтты болсын.


Кербез қыз 

Қыс мезгілі кездестім сезім жазына,
Қонған боларсың құт болып менің бағыма.
Ұнатып сені сыртыңнан қарап жүріп,
Ғашық боп қалдым тағы да.

Ғашық болу шіркін керемет сезім ғой,
Көзіңді аш сені сүйетін менің өзім ғой.
Хатқа жауап жазбайсын қоңырауға да,
Сені ойлап тауысты төзімді ой.

Мазаңды алдым бұйыра кормессің айыпқа,
Менен басқа ханзада саған лайық па.
Менің орныма өзіңді қойып көрсеңші,
Ғашық боп қалу айып па.

Комментариев нет:

Отправить комментарий